A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Менің сізге арыз жазу себебім 2017-2018 оқу жылының басында мектеп директоры Т.Т. Аблахановқа маған І санатты бекітуге арыз жазғанмын және бүкіл құжаттарымды директордың әдістеме жөніндегі орынбасары А.М.Қанапияноваға дайындап өткізгенмін. Бүгінгі кезде сізге мәлім болып отырғандай мені заңсыз мектеп директоры жұмыстан шығарып отыр. Менің заң орындарына арыздануыма байланысты сот шешімі бойынша жұмыс орныма қайта келуім керек. Алайда, сот процесі ұзаққа созылып отырғандықтан менің І санатты бекіту мерзімім аяқталып кетуге таяу. Аудандық білім бөлімі, еңбек инспекциясы, облыстық білім басқармасы және облыс әкімі де маған мектеп директоры мені заңсыз шығарылған, сот процесі басталып кеткендіктен олардың барлығы сот шешімін күтіп отырғанын мәлімдейді. Мектеп директоры өзінің іс-әрекеті заңсыз екенін біле тұра, менің мектепте жоқтығымды пайдаланып, менің құжаттарымды категорияны қарайтын аудандық комиссия мүшелеріне әкеліп ұсынбаған. Мен ол хабарды әріптестерімнен естіп қалып, сізге арыздануға тура келді. Мектеп директоры менен кек алып отырғаны тағы да мәлім болып отыр. Мен осы аталған мектепте 17 жыл өтілім бар және оқушыларымның түрлі олимпиадалардан жүлделі орындары және марапаттаулары бар екендігін сізге хабарлаймын. Сонымен қатар өзіме берілген респуликалық және облыстық, мектепішілік марапаттарым да бар. 2015 жылы «Өрлеу» біліктілігін арттыру курсын оқып сертификат алғанмын. 2017 жылы Талдықорған қаласындағы 1 айлық жаңартылған білім мазмұны бойынша курсты, 2016 жылы сынып жетекшілердің курсын оқып сертификатын алғанмын. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналға жаңартылған білім мазмұны бойынша 5 сабақ үлгісін жіберіп, аталған баспаның бас редакторынан мадақтау грамотасын алғанмын. Алайда, осы уақытқа дейін мектеп директоры маған санатымды түрлі сылтаулармен көтермей келді. Қазіргі уақытта менің жағдайым сізге белгілі. Осы І санатты бекітетін күнді талай жылдар бойы күтіп келдім. Сондықтан сізден сұрайтыным менің мектепке дайындап өткізген құжаттарымды алдырып, менің І санатты бекітуге жазған арызымды қанағаттандырып, маған І санатты берулеріңізді өтініп сұраймын. Абирова Н.Б. 30.03.2018 жыл

Ответ: Аудандық білім бөліміне І санатты бекіту туралы жазған өтінішіңіз бар. Аудандық білім бөлімі тарапынан құрылған комиссия І санатты бекіту мен растауды қараған уақытта Сіз жұмыстан босатылғансыз. Сол себепті құжаттарыңыз қаралмады. Құзырлы орындардың шешімімен Сіз жұмысқа қайтып келген жағдайда, заң талаптарына сай комиссия құжаттарыңызды қарайды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.