A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Алматы облысының білім басқармасының басшысы Жүнісов Даурен Қабдолданұлына Қайназар ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Еркенова Гүлнар Қасымқызынан ұ.т. 87073232295 Арыз Менің сізге арыз жазу себебім төмендегідей. Мен жоғарыда көрсетілген мектепте 1993 жылдан бастап география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын. Педагогтік өтілім-31 жыл. Осы мектеп директоры Т.Т. Аблайханов өзінің лауазымдай қызметін шектен тыс пайдаланып, маған сөгіс, қатаң сөгіс заңсыз жариялап , 25 мамыр 2018 ж. жұмыстан кететінімді қатаң ескертіп мазамды алып болды. Бірінші ескерту күнтізбе жоспарын уақытылы бекітпеді деп берілген. Ал менің жоспарым дайын болған, тек методист өзгертулер енгізіу керек деген соң, директорға қол қоюға кеш апарған болатынмын . Екінші қатаң сөгіс 27.09.2017 ж. 7 «В» сыныбында сабаққа келмеді деп берілген. Жылдың басында сабақ кестесі әлі тұрақсыз болып тұрған кезде осы сыныптағы сабағымды оқу ісінің меңгерушісі Р.М.Низамова аяқ асты өзгертіп жіберіп, маған ескертпеген. Бұл күні сабақ кестесі бойынша мен 5-ші сабаққа келіп, басқа сыныптағы сабағымды өткіздім. Үшінші қатаң сөгіс 03.11.2017.ж. №2 пед.кеңесінің шешімі бойынша өз пәнімнен төмен сапа және үлгерім көрсеткені үшін берілген. География пәні бойынша үлгерім -100% төмен бе? Әлде сапа 53 % төмен бе? Осыны түсінбей дал болдым. Төртінші тәртіптік жаза 21.12.2017 ж. шығарылған. Жылдың соңына дейін еңбек тәртібін бұзсам, жұмыстан кету керектігі қатаң ескертілген. Директордың бұдан басқа тағы бір сөгісі бұл 6 «Ә» сынбымдағы оқушы дене тәрбиесі сабағынан сұранып шығып, кабинетте тұрған мұғалімнің әмиянын ұрлап, ондағы 20000 теңгені алғаны үшін берілген. Сонда сабақтан жібере салған мұғалім «судан таза,сүттен ақ » болып отыр. Ал осы кезде мен денсаулығыма байланысты жарамсыз парағымен ем қабылдап жүрген болатынмын. Осыған қарамастан директор маған заңсыз сөгіс жариялап отыр. Директордың айтуынша мен тәрбиені нашар жүргізеді екенмін. Ал осының алдындағы сыныбымда 5-ші сыныптан 9-шы сыныпқа дейін келе жатқан сынып жетекшісі едім.10 сыныпқа келгенде менен алып жаңадан келген мұғалімге берді. Ол бір жыл жұмыс істеп кетеді. Келесі 11 сыныпқа келгенде тағы басқа мұғалімге береді де, маған бастауыш сыныптағы ең төмен сапамен бітірген сыныпты береді. Бұл жазылған мән-жәйдың барлығы 2016-2017 жылы мектеп директорының үстінен арызданған ата-аналардың арыздарын растап қол қойып, шындықты жазып бергенім үшін мені қудалауға алып отырғандығын дәлелдейді. Себебі мен және басқа да шындықты растап қол қойып берген мұғалімдерге сағат санын 18 –ден асырмай беріп, жыл бойы сол мұғалімдерді қудалауға алып келеді. Директор және оның орынбасарлары жоғарыда айтылған ата-аналардың арызын растап қол қойған мұғалімдерге психологиялық қысым көрсету арқылы тек сол мұғалімдерді нысанаға алып, оларға заңсыз сөгіс, қатаң сөгіс жариялап отырғандарын әкімшіліктің құжаттарынан көруге болады. Алайда, директор және оның орынбасарлары мектепте түрлі заң бұзушылықтар орын алып жатса да оларды көзге ілмей, шындықты айтқан мұғалімдерге ғана шара қолданып отыр. Мысалы, 15.01.-20.01.2018 ж. мектеп бойынша Абирова Н. Және Бөстекбаева Н. Кезекшілік атқарады. Осы аптаның соңғы екі күнінде 18.01.2018ж. 8 «В» сыныбында 3 сабақта география пәні болмайды, оның орнына 15 минут өткен соң Токаева К. кіреді. Сол күні 2 және 3 сабақта 9 «А» сынбында тарих пән мұғалімі Есалиева М. сабағы болмай оның орына орыс тіл мұғалімі Сабазова А. кіріп отырады. Сол кезде Сабазова 7 «Ә» сыныбында өз сабағын өткізбей екінші топқа қосып жібереді. 19.01.2018ж. күні 2 сабақта 9 «Ә» сыныбында денешынықтыру пәнінің мұғалімі белгісіз себептермен сабаққа келмей қалады. Ал сабақ кестесіне жауапты оқу ісінің меңгерушісі Р.Низамова 2 сабақ аяқталғанша ауырып қалған мұғалім туралы мәліметті білмейді. Оқушылар дәлізде шулап жүреді. Осы айтылған мектептегі былықтар туралы жоғарыда аталған кезекші мұғалімдер директорға баяндау жазып, оқу ісінің орынбасарының өз ісіне жауапсыз қарағандығы үшін шара қолдануын сұрайды және оны хатшыға бекіттіріп бір данасын алып қалады. Бірақ директор ол баяндауларға көз ілмей, еш шара қолданбайды. Осы күнге дейін сол кезекші мұғалімдер жазған баяндауларының 2 данасы сақталып отыр. Мектеп директоры осы істі жылы жұмсақ жауып отырып, ал біз шындықты айтқан мұғалімдерді қудалауға алып отырғанының дәлелі осы емес пе? Директордың және оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Низамованың бұған дейін де заңсыз әрекеттері сіздерге мәлім. Қазіргі кезде мектепте директорының тағы заңсыз әрекеттері орын алып отырғандығын мәлімдеймін. 10 сынып оқымаған ,11 сыныптың 1-ші жартысын оқымаған Уралбаев Нұрқат деген оқушыны еш бір құжатсыз 11 сыныпқа әкеліп отырғызып отыр. 6 «Ә» сыныбында орыс тілінен Асанова Умида сабақ береді. Ал оның дипломы бастауыш сынып мұғалімі. Сондай–ақ дипломға сай емес Токаева Карина 4 «Ә» сыныбында орыс тілінен, Худайбердиева Халидам дипломға сай емес қазақ сыныптарына орыс тілінен, Сатыбалдиева Гульбахрам дипломға сай емес қазақ сыныптарына орыс тілінен, Елибакиева Гунчам еңбек пәнінің мұғалімі дипломға сай емес қазақ сыныптарына орыс тілінен сабақ береді. Ал заңға сәйкес қазақ сыныбы болса да орыс тілінен мамандар сабақ өтулері тиіс. Сізден сұрайтыным менің арызым бойынша тексеріс ұйымдастырып, маған берілген ескерту, сөгіс, қатаң сөгістері негізсіз деп алып тастауларыңызды сұраймын және мектеп директоры Т.Т. Аблайханов пен оның орынбасары Р.М.Низамованың бұған дейін де заңсыз әрекеттері болғандықтан, оларға қатаң түрдегі шара қолдануларыңызды сұраймын. Еркенова Гүлнара Қасымқызы 04.03.2018 ж.

Ответ: Сіздің білім басқармасы басшысының жеке блогына жазған арызыңыз бойынша төмендегіні хабарлайды. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 03.11.2017ж №290 реттік номерімен екі бұйрық бар екендігі анықталды, бір номермен 2 бұйрық тіркеу қате. Аталған бұйрықта «география пәнінің мұғалімі Еркенова Гулнар 03.11.2017ж №2 педкеңестің шешімі негізінде өз пәні бойынша төмен сапа, үлгерім көрсеткені үшін тәртіптік жаза қолданылсын. Еркенова Гүлнарға- қатаң сөгіс берілсін» - делінген, 1 данасын алғаныңызды растап, қол қойғаныңыз анықталды. Дегенмен, география пәні бойынша 53% - білім сапасы, 100% үлгерімді төмен нәтиже деуге негіз жоқ. Яғни, қолданылған тәртіптік жаза негізсіз. Жетекшілік ететін сыныптың білім сапасы үшін сынып жетекшісіне тәртіптік жаза қолдану орынсыз. Мектеп әкімшілігі тарапынан біріншіден, білім сапасының төмен болу себептері анықталу қажет. Екіншіден, пән мұғалімдерінің аталған сыныппен жүргізген жұмыстарына сараптама жасалынуы керек. Үшіншіден, білім сапасы төмен сынып мектепішілік бақылауға қойылып, жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуі қажет. Білім сапасына әр пән мұғалімі жауапты. Сыныбыңыздың оқушысы мұғалімнің әмиянын ұрлау фактісі 2017 жылдың 6 желтоқсанында орын алған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Исағұлдан сабақтан оқушыны жібергені үшін түсініктеме 11 желтоқсан күні алынған, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Смағұлова 11.12.2017ж баяндау хатында аталған факт бойынша сынып жетекшісіне қатысты тәртіптік жаза қолдануды сұраған. Дегенмен, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары (сынып жетекші еңбекке жарамсыз парағында болуына байланысты) тарапынан нақты жұмыстар, атап айтқанда, оқушының ақша ұрлауға дейін баруына не себеп болғаны анықталмаған, заңды жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Мектеп әкімшілігі оқушының анасынан алған ақшаны қайтарып беретіні туралы түсінік алумен шектелген. Мектеп психологы аталған оқушымен жұмыс жүргізбеген. Жұмыстан босатқан жағдайда Сіз заң талаптарына сай құзырлы органдарға шағымдануға құқылысыз.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.