A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Алматы облысының Білім басқармасы басшысына Жамбыл ауданының ұстаздары атынан Арыз Құрметті басқарма басшысы! Сізден ауданымызда орын алып жатқан келеңсіздіктер туралы жеткізгіміз келіп отыр. Жамбыл аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Бакирова бастаған аудан әдіскерлері өз білгендерімен әр мектепке кез-келген күні, кез-келген уақытта, атап айтсақ таңғы 8.00-де қалаған мектептеріне баса көктеп кіріп келіп, сабақтарымызға қатысып, тек қана біз емес оқушылардың да зәрі құтын қашырумен айналысуда. Бұл топ өздерін «десантпыз» деп атап алған. Тіпті біздер ұстаздардың киген киімдеріне, таққан бұйымдарына дейін тиісіп білгендерін істеуде. Ауданның бір мектебіне барғанда қорыққанынан аяғы ауыр бір келіншектің баласы да түсіп қалған. Бұл не басынғандық? Бұл десанттықтардың алға қойған мақсат, міндеті не? Жаңартылған білім беру аясында өзіміз де миымыз ашып жатқанда, онымен қоса Күнделік кз деп жынды болып жүргенімізде, бұл не сұмдық? Біздерге ұстаздарға неге жұмыс істеуге мұрша бермейді? Жамбыл ауданы білім бөлімінің осындай қылықтарынан мұғалімдер мезі болып біттік. Онсыз да әр мектеп ашық есік күндерін өткізіп жатыр емес пе? Аудан әдіскерлері келіп қатысып жүр ғой. Десанттықтардың бұл қылықтарына шыдай алмаймыз. Білім бөліміне бір шара қолдануыңызды өтінеміз. Сіздерден ешқандай көмек болмаса, білім министрлігіне шағымданамыз. Аты-жөнімізді көрсете алмаймыз, себебі, білім бөлімінен тағы да қысым көргіміз келмейді. Арызданушылар: Жамбыл ауданының ұстаздары.

Ответ: Жамбыл ауданы бойынша 2016-2017 оқу жылында білім сапасы – 49,7%, ал І тоқсанда 50%. Білім сапасын көтеру мақсатында аудандық әдістемелік кабинет тарапынан әдістемелік бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Аудан әдіскерлері «Сабақты тиімді жоспарлау - жоғары нәтижеге жетудің маңызды шарты және кепілі» тақырыбындағы әдістемелік күн шеңберінде «Пәндік білім сапасын арттырудағы «Білім мазмұнын жаңарту аясында сабақты жоспарлау» іскерлік ойыны, «Жаңартылған оқу бағдарламалары негізінде критериалды бағалау жүйесі» оқыту семинары мен «Ашық есік» күндерін өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.