A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Алматы облысы білім басқармасының басшысына. Еңбекшіқазақ ауданы Қ.Ұлтарақов ауылындағы " Қызғалдақ" бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметін атқарған,ауыл тұрғыны Д.Нургожаевадан. Арыз Менің Сізге арыз жазу себебім, мен Нургожаева Динара Азатқызы осы ауылдың тұрғыны "Қызғалдақ" бөбекай бақшасында 2009 жылдың 15 қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келген едім. Тұрмыстық жағдайым: Үш баланың анасы, жалғыз асыраушы, жалғыз басты анамын. Ауылда жалдамалы пәтерде тұрамын. Қазіргі таңда 7 жыл еңбек өтіліммен, (2) санат, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту", және де "Бастауыш сынып мұғалімі" маманы бойынша жоғарғы біліміммен жұмыссыз қалып отырмын. Балаларға әкімшілік тарапынан жәрдемақы жәнеде басқада берілетін көмек мүлде көрсетілмейді. Балалардың әкесінен алимент өндіре алмадым, себебі сотқа да жүгіруге еш мүмкіндік жоқ. Басымда не жер, не үйім, не малым жоқ. Қыс мезгілінің жақындауына байланысты жалғыз басты ана екендігімді, несиемнің болуына және де балаларымның мектепте оқуына байланысты, 1 қызым Еділ Ақерке 5 сыныпта 2 Еділ Еркеназ 4 сыныпта 3 Еділ Жанэль 1 сыныпта оқиды. Олардың жалғыз қараушысы екенімді ескере отырып өз мамандығым бойынша жұмыссыз қалдырмауын өтініп басшы Қартайғанова Камшат Ахметбекқызының алдына бірнеше рет қиылып кірген едім. Отбасы жағдайыма байланысты өз еркіммен жұмыстан шығып 2013 жылы, 2014 жылы жұмысқа қайта Жансейтова Толқын деген тәрбиешінің орнында уақытша істеген едім. Ол қыз өз орнына шығуына байланысты мен орнын босатып беруге мәжбүр болдым. Бірақ ол топта тағы бір тәрбиешінің орны бос бола тұра мені жұмыстан босатты. Меңгерушіден мынадай жауап алдым: Саған орын жоқ, қайда барсаң сонда бар, маған ауданнан адам жібереді, маған не істеп аласың деген жауап айтты. Содан мен білім бөлімінің басшысы Аманова Бәтес Маратқызына 7.09.2017 күні өтініш жазып отбасы жағдайыма байланысты жұмыс қарастырып беруін өтініп үш қызымды ертіп бардым. Бірақ ол ауданнанда жауап ала алмадым, барлық өтінішті жылы жауып қойды. Балалардың мектепке киімдерімен мектепке керекті құрал-жабдықтары, оқулықтарын да әлі күніге дейін түгендеп бере алмай отырмын. Басқада жұмыстарды қарастырғанмен мен ауылдан балаларды жалғыз тастап кете алмай отырмын,түске дейін бір қызым, түстен кейін екі қызым сабақта. оларды қараусыз қалдыра алмаймын. Жұмыста қысым көрсетіп өз еркіңмен кет олай болмаса АКТ пен шығарып мені еш жерге жұмысқа алмайтындай етіп жіберем деп үйге провсоюз мүшелерін жіберіп ақыры дегеніне жетті. Ал сол бос орынға ауылдағы жағдайы жақсы күйеуі бар, үйі бар, колледж білімімен Камердинова Мукарамды алды. Бугінгі күні 24.11.2017 Шакенова Жанар жұмыстан өз еркімен кетіп тағы бір орын босады. Сол бос орынға мені алыңызшы деп қайта кірдім, бірақ сені алмаймын балабақша маңайына да жолатпаймын деді. Орын бола тұрып бір тәрбиеші екі жұмыстан атқарып жүр. Подменный мен тәрбиешінің орнын Камердинова Мукарам және де әдіскер мен тәрбиешінің орнын Тұржұпарова Балболар атқарып отыр. Барлық тәрбиеші және де кіші көмекшілерге әр келген комиссияға жинап жатқан ақшаларына бір ауыздан тексеру келсе жинамадық деп қолқат алыпта жатыр бірақ менің қолымда ол меңгерушінің аудио записи де бар соны тиісті орындарға да жіберемін.Неге қандай себеппен мені жұмысқа алмайды деп талай жерге бардым бірақ еш жауап ала алмадым. Өте қатты қиналып отырмын көмір және отын аламай отырмын ең болмағанда бір жұмыспен қамтуына болмас педі жалғыз басты ананы үш баламен неге көшеге итеріп отыр. Жазбаша өтініш жазып ауыл әкіміне Ертай Нурмуханұлына да кірдім, бірақ мәселем шешілмеді. Осы әрекеттері дұрыспа жоқпа, жоғарғы біліммен отбасы жағдайыма байланысты мен сізден көмек сұрап осы мәселемді өзім үшін емес үш қыздарым үшін шешіп берулеріңізді сұраймын. Бұл мәселем шешілмей қараусыз қалып жатса, бұданда жоғары орындарға арыздануға мәжбүрмін. Бұл сөздерді жазылған барлық арызды растайтын коллектив мүшелері де бар. Арыз иесі: Ауыл тұрғыны Д.Нургожаева 8705 271 82 51 28.11.2017 жыл

Ответ: Сіздің білім басқармасының сайтына жазған арызыңызды қарау барысында Ұлтарақов ауылындағы «Қызғалдақ» балабақшасынан 2017 ж 13.09 күні өз еркіңізбен жұмыстан босатылғаныңыз анықталды. Сонымен қатар, 2017 жылдың тамыз айында еңбек ақыңыздан 10 мың теңгенің ұсталыну себебі туралы балабақша меңгерушісі К.Қартайғановадан түсініктеме алынды. Еңбек ақыңыздан ұсталынған қаражат туралы акт жасалғаны расталды. Балаларыңызға берілетін жәрдемақыны рәсімдеу, балалардың әкесінен алимент өндіру мәселесі тек өзіңізге байланысты іс.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.