A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсіздерме! Өз хатымда Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылында орналасқан «Бота» балабақшасының ұжымына өзімнің шексіз алғысымды білдіргім келеді.Балапаным бұл балабақшаға барғанде мүлдем сөйлей алмайтын, өте тұйық тартыншақ, ерке, жабық бала болатын. Бақшаға барғаннан біраз уакыттан кейін балам жақсы жағына өзгерді. Жан-жақты ашылып, дамып келе жатыр. Әрбір мерекелік іс-шараға белсенді қатысады. Тәрбиешілері топтағы әрбір баламен жеке жұмыс жасап, әр баланың қабілетін дамытып ашуда деп ойлаймын. Бұл балабақшаның ортақ еңбегі деп ойлаймын. Әрдайым меңгеруші жиналыс жасап, ортақ мәселелерді, сұрақтарды шешуге атсалысады, жан-жақты көмектеседі. Оларға үлкен рахмет, атап кетсем балабақша меңгерушісі Назима Боранбайқызына, әдіскер Саяхат Еркегулге, Кенжегул Амангелдіқызына, және де үлкен аналық алғысым АҚБҰЛАҚ тобының тәрбиешілері Айжан Сьезқызы, Гүлнұр Кожаева, Зоя апайға көп-көп рахмет айтқым келеді.Осы кісілердің еңбегін ескеріп, мақтау қағаздарымен марпаттауларыңызды сұрар ем. Құрметпен ата-ана.

Ответ: Облыстық білім басқармасы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында орналасқан «Бота» балабақшасына қатысты жазған ұсынысыңыз бойынша төмендегіні хабарлайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымында жұмыс істейтін маман мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді. Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағына жете көңіл бөледі, яғни функционалдық міндеттерін іске асырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мараппаттау немесе марапатқа ұсыну барысында педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттарына сәйкестігі негізінде іске асырылады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.