A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсізбе! Мен Райымбек ауданында мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. 2015 жылы 18 мамырда І деңгей бағдарламасы бойынша үш айлық курсты аяқтап сертификат алдым. Менің айлығыма сертификатты алған күннен бастап қосымша үстемақы төленуге тиіс болатын. Бірақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін сертификатталған мұғалімдерге үстемақы төленбейді деп мектеп бухгалтері жауап берді. Сонда бұл ақша төленбесе біз не үшін үш ай бойы бала-шағамызды тастап оқыдық. Кішкене де болса жалақымызға ақша қосылсын деп едік. Бұл не үшін төленбейді? Енді мүлдем төленбей ме жоқ уақытша ма? Осы өтінішіме нақты жауап берсеңіз.

Ответ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 11 ыркүйектегі №01-4-08-4/3043-И хатына сәйкес, 2015 жыл үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақысын көтеру тоқтатылған болатын және төлемақы осыған дейін мұғалімдердің нақты жүктемесіне төленген болса, аталған хатқа сәйкес тек нормативтік жүктемеге ғана төлеу тапсырылған болатын. Алайда,бүгінгі күні ешқандай нормативтік құжат, яғни негіздеме шықпауына байланысты үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мүғалімдердің еңбекақысы толығымен төленеді. Нормативтік құжат қабылданған жағдайда еңбекақыны көтеру сол мезгілден тоқтатылатындығын хабарлаймыз.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.