A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсіздер ма! Сізге Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылының №19 орта мектептің бала бақшасының тазалығы мен балаларға берген тамақтану ережесі туралы айтайық деп едік. Бала бақшаның тазалығы өте нашар, балалардың аяқ киім ауыстыру ережесі сақталмайды. Тәрбиешілер өз бала-шағасын бөлмеге кіргізіп, балалармен бірге жүреді. Мұздатқыштары өте лас,ішінде сақтау мерзімі өтіп кеткен йогурттар мен дүкеннен алынған түшпара мен тефтелилер тұр, балгар бұрышы сасып, көгеріп кеткен, ет мүлдем көрінбейді. суретке де түсіріп алғанбыз. Жерде тұрған төсеніштері кірлеп кеткен, жазда бір ескерту жасап әрең жудырған болатынбыз. Мұздатқыштың санитарлық гигиенасы жоқ, сатпақ-сатпақ, тіпті ұстауға жиіркенесің, өз көзімізбен көрген соң айтып отырмыз. Көрпе қаптары кір, балаларымыздың бастары сіркелеп келеді, тазалап жіберсек қайта сіркелейді, тазалап шаршадық. Киім ілетін шкафтар еш сүртілмейді, дақпен тұрады, шаңы саусағыңда қалады. Санитарлық кітапшаларын көрсетуден қашты. Медбике базарға барып ет сатып алып, продуктыға барады екен сол дұрыс па? Кім азық-түлікпен кім қамтамасыз етеу қажет? Складты бізге ашып көрсетпеді. Таңертең балаларды өткізіп аларда тамақтарын тексеріп, градустник қолданбайды, сондықтан балаларымыз жиі ауырып келеді. Балаларымыз суықтай йогурт пен компоттар ішеді, аурудан жаздырып жіберсек қайта жөтеліп келеді. Жылытып беріңіз деген бала өтінішіне "аузыңды жап"-, деген сөз естиді екен, балаларымыз бәрін айтып келеді. Ұйықтайтын бөлме мен ойын бөлмесі бірге болу керек па, соған да жауап берсеңіз екен. Жылына бір рет ойыншық пен бөлме гүлін сұратады, солай болу тиіс па? Әлде ойыншықтарға қаражат бөлінеді ма? Тамақ салатын ыдыстарының бәрі алақ-салақ шеттері ұшқан. Ас үйлері де талапқа сай келмейді. Қарлығаш деген тәрбиеші бар бұл бала бақшада, сол тәрбиеші болған күні бала қалғысы келмей жылап қалады, тәрбиешілері балаларды шымшып алады екен, неше рет ескерткен болатынбыз ешқандай нәтиже жоқ. тәрбиешілерінің халаттарын көрсеңіз адам шошиды, олар халат кию керек па? Оған қарағанда Тахмина апайлары жақсы еді, балалар соны мақтайтын. Сіздерден өтінетіміз медбике мен қазіргі заведующийдің міндетін атқарып отырған қызметкерді қарауларыңызды өтінеміз. Бала бақша тазалығын санитарлық эпидимиологиялық сараптамадан өткізулеріңізді сұраймыз. Тағы бір айтып кететініміз бұл бала бақша қысқы мерзімге қаншалықты дайын екенінде білмейміз, былтырғы жылы жылытқышпен отырған. Осы ескертулер мен сұрақтарға толық жауап беріп, тексерулеріңізді сұраймыз.

Ответ: Алматы облысының білім басқармасы Сіздің басқарма басшысының жеке блогына Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылындағы №19 орта мектеп жанындағы шағын орталықтың қызметіне қатысты білдірген наразылығыңыз бойынша төмендегіні хабарлайды. Талғар аудандық білім бөлімінің 2015 жылдың 2 желтоқсанындағы №263-Н шығарылған бұйрығы негізінде тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорытындысы бойынша тоңазытқышта сақтау мерзімі өтіп кеткен йогурттар мен полуфабрикаттардың жоқ екендігі анықталды. Яғни, тоңазытқыш сақтау мерзімі өтпеген жаңа өнімдермен толтырылған (сиыр және тауық еттері, сүт өнімдері және т.б.). Аталған орталықта азық-түлікті сақтау үшін арнайы сертификаттары беріліп, азық-түлікті сақтау нормасы ережеге сәйкес жүргізілуде. Азық-түлікті жеткізумен тапсырыс орындаушы жеке кәсіпкер «Жылқыбеков» айналысуда. Сонымен қатар, Тексеру барысында №19 орта мектеп жанындағы шағын орталықта штаттық кесте бойынша 10 қызметкер жұмыс атқарады. Барлығында медициналық кітапшалары бар. Яғни, жұмыс жасауға дәрігерлік рұқсат берілген. Орталықта әр баланың жатын орны, киім-кешекке арналған шкафы бар. Көрпе қаптары нормаға сәйкес таза. Әр балаға екі комплекттен арналып берілген. Жалпы орталықтың ішінде тазалық сақталған. Әр баланы күтіп-бағу үшін ата-аналар тарапынан ай сайын 8 800 теңге көлемінде қаражат төленуде. Төленген қаражат «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамдағы ақылы қызмет шоты арқылы өтіп, балалардың тамақтануына жұмсалады. Әр топта 25 балаға арналған 2 қабатты жатын орын бөлменің шет қабырғаларында орнатылған. Балалар топтардағы ойыншықтардың барлық түрлерімен қамтылған. Сонымен бірге, орталықтың жылыту мерзіміне бөлінетін сұйық отын лимиті – 59, 720 л., күніне 300-500 л. Сұйық отын жұмсалады. Топтардың ішкі температурасы 18 – 21 % құрайды. Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты, арызыңызда көрсетілген деректердің дәлелденбегендігін жеткіземіз.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.