A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Құрметті Ләззат апай! Менің қояйын деген сұрағым сұрақ та емес ау, жалоба сияқты болып тұр. Менің ұлым Талдықорған қаласындағы №19 М.Жумабаев атындағы мектепте 11а сыныпта оқиды. Мен өзім жалғызбасты анамын күйеуіммен ажырасып кеткенмін. Ұлымның сынып жетекшісі Мустафина Бақытгуль апайымыз мектеп бітіру кешіне деп 35000 теңгеден жинап жатыр. Мен бере алар емеспін бермейін десем ұлым жылап, басқа балалардан кем сияқты сезініп қалама деп қорқамын. Бұндай жинау жоқ деп еды, үнемі осы. Сынып жетекшісі ата-аналар жинап жатыр деген сылтаумен бұның барлығына басшылық жасап отыр. Егер бұл хатымнан бір нәтиже шықпаса Елбасымыздың сайтына жазамын деп отырмын. Тек сізден бір өтінішім менің таы- жөнімді айтпаңызшы балама кесірім тие ме деп қорқамын. Рахмет. Сізден көмек күтемін.

Ответ: Сіздің өтінішіңізге байланысты Талдықорған қаласындағы №19 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиясында 24 сәуір күні 11-12 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Кездесу барысында ата-аналар ақша жинамағандарын жеткізді. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 2 ақпандағы «Білім беру ұйымдарында ақша жинауға тыйым салу туралы» №22-ө бұйрығының негізінде мектепке, мекеме басшыларына, мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынғаны туралы айтылды. 2015 жылдың 7 сәуір күні мектеп директоры Ш.Құдайбергенов пен сынып жетекші Б.Мустафина өткізген ата-аналар жиналысында мектеп бітіруші кешінің екінші бөлімі фуршет түрінде өтетіні туралы айтылып, ескертілген, ата-аналар тарапынан бұл шешім қолдау тапқан.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.