A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсіздер ме! Мен Жалмендин Бекболат Ақсу ауданы Абай орта мектебінің математика пәнінің мұғалімімін. Менің арыз беру себебім, Абай орта мектебінде өткен оқу жылында ешқандай басшылық қызмет етпеген қатардағы сырттай оқып диплом алған орыс тілі пәнінің мұғалімі Нусипова Салима Сардарбекқызын қандайда жолмен аудандық білім бөлімі басшысы директор етіп тағайындады. Басында мектеп ұжымы білген жоқ. Директорлыққа отырған күннен бастап заңға қайшы коммерциялық жұмыстар жасады. Атап айтсам өткен оқу жылында танысының мектепте оқымаған , бірақ осы мектепке тіркеп қойып сырттай жақсы бағада аттестат жасады. 6-шы сыныпқа сырттай бір оқушыны журналға тіркеп, сағат санын көбейтті. 10 сынып оқушысы Есболат Айбар деген оқушыны ауданның басқа мектебіне қағаз жүзінде жіберген, бірақ бала өзіміздің мектепте оқып, мұғалімдер баға қойған.Оқу жылының соңында ешқандай сұраныс бермей екі тарих пәнінің мұғалімі отырса да тарих пәніне мұғалім алып декреттік демалысқа шығарып отыр. ҰБТ-ді сылтауратып менің сағатымды қысқартып, келінін «іс жүргізуші» етіп жұмысқа алып, қосымша ақша ретінде екінші физика-математика пәнінің мұғалімінің лабаранттығын алу үшін сол мұғалімге менің сағатымды алып беріп отыр. Мектепті базарға айналдырды. Аудандық білім бөліміне барып арызданам дегенде қайда барсаң онда бар менің министерствода әпкем отыр деп жауап берді. Осыдан кейін мен аудандық білім бөлімінің басшысына ауызша және жазбаша түрде арыздандым. Арыздана берсін мен ауданмен келісіп шешіп келдім, менікі дұрыс деп сөз таратты. Осының негізінде аудан бөлімінің басшысы өткізген жиналыста менің арызымды бір жақты қарап , директордың сөзін сөйлеп ҰБТ нәтижесін сылтауратты. Жиналыс соңында қаулы қабылдау үшін мектеп ұжымынан қол көтеруді сұрады бірақ ұжым қол көтермеді тек мектеп директоры ғана қол көтерді. 1982 жылдан мұғалімдік қызмет атқарып келемін. Осы ұжымға бұрынғы директордың шақыртуымен 2006 жылы ауысып келдім. Келген жылдан бастап «Алтын белгі», «Ерекше аттестатқа» жұмыс жасадым. КҒА байқауына оқушы қатыстырып республика көлеміне шығып, жүлделі ІІ-орынды иелендім. Аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып оқушыларым жүлделі орындарға ие болды. Біз жанұямызбен ұстаздармыз. Жалпы еңбек өтіліміз 100 жылдан асып кетті. Ақсу, Сарқан аудандарында талай халық еңбектерімізді бағалайды. Мен осы ұжымға келген кездері мектеп ауданда алдыңғы үштікте болса, қазіргі уақытта мектеп директорының ұжымды дұрыс басқара алмағандығының нәтижесінде соңғы үштікте отырмыз. Президентіміздің жолдауындағы «Мұғалімнің мәртебесін көтереміз» деген сөзіне қайшы келіп, осы уақытқа дейінгі еңбегімді жоққа шығарып, зейнеткерлік жасқа келгенде соңыма түсіп отыр. Сіздерден сұрайтыным әділ тексеріп дұрыс жауабын берсеңіздер. Арыз иесі Жалмендин Бекболат

Ответ: Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Көкжайық ауылының тұрғыны Б. Жалмендинге Сіздің ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде №1298 білім басқармасының басшысы Д. Жүнісовтың жеке блогына жазған арызыңыз бойынша басқарма тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында анықталғаны Ақсу ауданы Абай атындағы орта мектеп шағын жинақты мектеп (оқушы саны 140). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес шағын жинақты мектеп директорының біліктілігіне жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және басшылық лауазымдағы жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, кемінде 3 жыл педагогикалық жұмыс өтілі, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы талап етіледі. С.Нүсіпова жоғары білімді бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі 12 жыл, яғни, жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылды. Мектеп директоры лауазымына Ақсу ауданының білім бөлімінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 26 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына сәйкес жариялаған конкурсына қатысып, тағайындалған. Алайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарт талаптары бұзылған. 2008 жылғы 18 наурыздағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығы /өзгерістер енгізілген 25.09.2018ж №494 бұйрық/ 73-тараудың 3-ші тармақшасы бойынша қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмауы тиіс делінген талаптары сақталмаған. Сонымен қатар, сағат жүктемесі объективті бөлінбеген. Осыған орай басқарма тарапынан Абай атындағы мектеп директоры С. Нусипова, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жамауова, 2018 жылдың қыркүйегінде директордың міндетін уақытша атқарушы А. Абишева, 11-сынып жетекшісі С.Танирбергенова және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б. Сағымбековаға Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері негізінде шара қолдану ұсынылды. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабы мен 14-бабы 6-тармақшасына сәйкес жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығыңыз бар. Басқарма басшысының орынбасары Ж. Сулейменова

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.