A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсіз бе? Шағым жазу себебім, Талғар қ. №2 мектепте балаларым оқиды. Мектепте (мектеп қоры, сынып қоры, мұғалімдер күні және т.с.с. іс-шараларға байланысты) үнемі ақша жиналады. Сонымен қатар, ата-аналарды міндетті түрде газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлейді. Ақша жинау дәстүрі қашанға дейін жалғаспақ? "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы кім үшін жазылған? Неге мектеп әкімшілігі бұл мәселелерге бей жай қарайды?

Ответ: Білім басқармасы, Сізге облыс әкімінің сайтына Талғар ауданы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектеп әкімшілігінің ақша жинайды және газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлейді деген өтінішіне төмендегідей жауап береді. Талғар қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектебінде 146 ұстаз дәріс береді. Мектепте 02.09.2019 жылы №302-ө бұйрығымен ақша жинамау туралы бұйрығы шығарылып, пед.кеңесте ұстаздарға таныстырылып, ескертілген. Арызда көрсетілген ақша жинау және мәжбүрлеп газет-журналдарға жазылу фактілері нақты дәлелдердің болмауына байланысты нақтыланбады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.