A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Cәлеметсіздер ме. Менің есімім - Баян Талдыбаева. Іле ауданы, Жаңадәуір ауылының тұрғынымын. Балам - Жұман Мағжан №5 мектептің 4-сынып оқушысы. Сынып жетекшісі - Абрыбаева Индира Кабдрашевна. Сіздерге сұрағым, мектепте не себепті ақша жинау дәстүрі тыйылмайды. Беруге қарсылық танытсам, апайды қолпаштайтындардың қыспағына тап болам. Мұндай жағдайда, мектеп ұстаздарының ақша сұратуы заңды ма? Ата аналар тарапынан келетін қыспақ пен сөгіс жағдайында не істеу керек? Мектеп ішілік тәртіпті қадағалау ісі жөнінде кіммен, қалай байланысуға болады?

Ответ: «Іле ауданының білім бөлімі»ММ, Сіздің Жаңадәуір аулындағы №5 орта мектепте ақша жинау фактісі бойынша шағымыңызды қарастырып, төмендегідей жауап береді. Мектеп әкімшілігі тарапынан Сізбен әңгіме жүргізілді. Мектепте ақша жинамау туралы 29.08.2019 жылғы №258 бұйрық шығарылған. Ата-аналар ортасында болған келіспеушіліктер болғаны анықталып, Сіздің аталған шағымды қарастырудан бас тарту туралы түсінік хатыңызға сәйкес қарастыру тоқтатылғанын хабарлаймыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған органдарға немесе тікелей сотқа жүгіне аласыз.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.