A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсіз бе? Менің балаларым Талғар қаласындағы 3-ші балабақшаға барады. Осы сәуір айында екеуі де сырқаттанып 10 күндей үйде болды. Осыны растау мақсатында дəрігерден анықтама əкеліп өткіздім. Бірақ балабақша меңгерушісі 3 күннен артық қалса анықтамаға қоса лабораториялық талдау (анализ) талап етуде. Диагноздары ЖРВИ. Бұл аса қауіпті сырқат емес. Неліктен анализ сұрап жатқанын түсінбедім. Меңгеруші жұмыс уақытында орнында болмайды. Оған жолығу үшін бір күнді жұмсау керек. Мектепке дейінгі білімге қатысты бұйрықта бала 3 күннен көбірек қалса анықтама ғана талап етіледі деп жазылған. Бұған дейін де балалардың тамағы жайында, төлем ақысы туралы (21 ғасырда өмір сүріп жатсақ та төлем ақыны тəрбиешілер жинайды) шағымданып Талғар ауданы білім басқармасына арызымды қалдырғанмын. Одан нәтиже болмады, сондықтан сізге жазып отырмын. Анықтама əкелінсе төлемақы қалай есептеледі? Балалардың тамағын кім қадағалайды? Рациондары қалай болу керек? Төлемақыны кім жинайды? Арнайы счет ашуға міндетті ма? Ол қалай жұмсалынады? Осы сұрақтарға жауап алсам деп едім.

Ответ: Білім басқармасы Сіздің, жазған өтінішіңіз бойынша төменгіні хабарлайды: Мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 бұйрығына сәйкес. Егер бала балабақшаға үш күннен артық дәлелді себептермен (баланың ауруы, бір ай ішінде медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда баланы емдеу және сауықтыру) қатыспаған болса, ата-аналар тиісті құжаттарды (анықтаманы) ұсынуы тиіс. Анықтама болған жағдайда есепші төлемақыны қайта есептейді. Ата-ананың ақы төлеу мөлшерін Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» №71 қаулысының қосымшасында көрсетілген.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.