A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсізбе! Мен №19 орта мектеп ата-анасымын. Көпбалалы анамын, жолдасым - мемлекеттік қызметкер, мен дәрігермін, биыл тұңғыш ұлым 11-сыныпты бітіретін еді. Жоғары оқу орнына түсуге қандай да бір көмек бар ма, ол үшін қандай құжат керек, мектепте ешқандай мәлімет, ақпарат берілмейді. Сондықтан Сізге жазуға мәжбүр болып отырмын. Құрметпен бес балалы ана Майра Айтуарқызы.

Ответ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген ережелері негізінде 2017 жылдан бастап облыстағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандарды даярлауға білім беру гранттары бөлінеді. Аталған ережелер бойынша барлық талапкерлер тестілеу сертификатымен конкурсқа қатысып, грант иегері бола алады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.