A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Саламатсызба! Мен, Бакиев Бахыт Кенжебаевич, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылындаға орта мектеп-гимназиясында информатика пәні мұғалімі. Мен осы уақытқа дейін үш тілдік курста еш оқымағанмын. Енді, мен де мемлекеттің орта мектеп мұғалімдеріне арналған үш тілдік 9 айлық курсында оқуға сізден өтініш білдіремін. Сол курсқа барсам егер, мен ағылшын тілі деңгейімді кем дегенде C1 деңгейіне дейін көтеріп алар едім, себебі мен бұрын 2016-жылы қантар айында ешқандай курсқа бармай өз бетімше үйде оқып дайындалып IELTS атты ағылшын тілі деңгейін анықтайтын емтиханды өз бетімше тапсырып B2 деңгейіне ие болғанмын, бірақ ол сетификаттың жарамдылық мерзімі бір жыл бұрын өтіп кетті, себебі IELTS сертификаты 2 жылға ғана жарамды. Енді Қарасай аудандық білім бөлімі мені мемлекеттің пән мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі курсына баруыма рұқсат бермей жатыр, себебі мен баяғыда өз бетімше ағылшын тілін үйреніп алғанымды себептеп мені ол курсқа жібермей жатыр. Ал білім министрліктің сол курс туралы шығарған ережесінде жазылмаған ағылшын тілін өз бетінше үйренгендер бармасын деп. Өтініш, сол мәселені шешіп, мені де сол курсқа оқуға жіберуіңізді сұраймын.

Ответ: Сіздің өтінішіңіз бойынша 2016 жылдың 03 ақпанда №15КZ003517BAKB005A IELTS (International English Language Testing System) ағылшын тілін тестілеудің халықаралық жүйесін анықтайтын емтиханы нәтижесіндегі В2 тілдік деңгей сертификатының жарамдық мерзімінің аяқталуына байланысты, Сізді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының жоспарлы кестесіне сәйкес ұйымдастырылған жағдайда В1 тілдік біліктілікті арттыру курсына қамтылатыныңызды хабарлайды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.