A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Сәлеметсіздер ма! Мен Қарасай ауданы, Елтай ауылының тұрғынымын осында көшіп келгенімізге 3 жыл болды. Үш балам М.Бейсебаев атындағы мектепте оқиды. Баяғы кітап мәселесі туралы сұрайын дегем? Былтыр кітап жетпеді деп екі балама 5-6 кітап әрқайсына сатып алдым ескі программамен оқитын ұсталған кітаптарды 10 шақтысын 500-600 теңге шамасында. Биыл тағы сол проблема 5 сынып оқитын ұлыма 6 кітап жетпеді, мұғалімдер қазіргі таңда сатып алыңдар деп баланы мәжбүрлеп жатыр. Жаңа программамен оқитын оқулықтардың 1-еу 1800 теңгеден басталады. Жылда айтылатын кітап толық жетеді, сатып алмаңыздар деген не сөз? Мектеп директоры қайда қарайды, жаңа оқу жылына кітапты толықтырмай. Мысалы, 2017-2018 оқу жылында 4 сыныпта қанша оқушы болғанын білмей ма? 2018-2019 оқу жылы жазда неге толық оқулыққа тапсырыс неге бермейді?

Ответ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы №192 бұйрығы негізінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3,6 және 8 сыныптарға оқулықтар алынды. 2017-2018 оқу жылында М.Бейсебаев атындағы орта мектепке 5 сыныпқа оқулықтар жеткілікті түрде берілген. Алайда, былтыр Береке ауылынан жаңа мектептің ашылуына байланысты 25 комплекттен сол мектепке берілді. Сонымен қатар, биыл бала санының күрт өсуіне байланысты оқулықтың жетпіспеуі орын алды, бірақ қазіргі таңда қосымша оқулықтарға тапсырыс беріліп, мектептерге таратылып, мәселе оң шешімін тапты. Сіздің өтінішіңіз бойынша қажетті оқулықтар беріледі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2019. All rights reserved.