A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Мен Алматы облысы, Сарқан ауданы, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімімін. 2009 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ, тарих мамандығы бойынша, 2014 жылы ЖГУ педагог-психолог мамандығы бойынша тәмәмдадым. Екі мамандығым бойынша еңбек өтілім 9 жыл, екі мамандығым бойынша категориям бар. 2017 жылы желтоқсан айында декреттік демалысқа шықтым. Қазіргі таңда 1 қазаннан бастап жұмысқа шығуыма үлкен бір сұрақ туындап отыр. Еңбек кодексі бойынша қай жұмыс орнынан декреттік демалысқа шықса, сол орнына қайтуына құқығы бар емеспе, менің мәселем бойымша декреттік демалысқа 18 сағатпен шықсамда, өзіме сол 18 сағат қайтарылмай отыр. Егер мектепте тарихтан сағат саны аз болса түсінемін, бізде 4 тарих пәні мұғалімінеде 18 сағаттан жетседе неге теңдей бөлінбейді. Неге басшы ретінде басшымыз мәселемізді шешіп бермейді? Мектеп ішіндегі норма, заңдар неге сақталмайды? Егер менің, мұғалімнің мәселесін директор шешіп бере алмаса,онда не үшін отыр??? Неге алалау, дискриминация орын алады? Неліктен біреуімізге 25-26 сағатпен отырса, екіншіміз 13-14 сағатпен отыруымыз керек? Мектеп басшысы тарификация өтіп кетті дейді, сонда тарификация деген заң ба? Оны соншалықты өзгертуге болмайтындай. Неге сағаттар таныс тамыр немесе директормен жақсы араласқаны арқылы бөлінуі керек? Егер заң еленбесе, не үшін жұмыс жасаймыз, не үшін оқыдық? Егер жастарға мүмкіндік берілмесе, біз қашан тәжірибе жинаймыз? Осы мәселені жақын арада шешіп беруіңізді сұраймын.

Ответ: Сіз Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100-бабына сәйкес мектеп директорына бір ай бұрын декреттік демалыстан шығатындығыңыз туралы ескертпегенсіз. 2018 жылдың 3 қазан күні М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде өткен жиын барысында Сізге тарих пәні мұғалімі Б.Абдыбаевтан 2 сағат және А.Даирбековадан 1 үйірме сағатын беріп, апталық жүктемеңізді 18 сағатқа толтырып беру туралы шешім қабылданған. Алайда, Сіз балаңыз 1,5 жасқа толмағандықтан, үйірме сағатын жүргізуден бас тарттыңыз.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.