A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Вопрос: Қайырлы күн. Менің сұрағым, мен 2017 жылы декреттік демалысқа 18 сағатпен шықтым, қазіргі таңда жұмысқа шықсам маған 18 сағатым қайтарылмай отыр, бұл Еңбек кодексіне сай ма? Заң бойынша жұмысқа шыққан сағаты қайтарылу керек емеспе? Неге бұндай заңсыздықтарға көз жұмыла қаралады, егер мектеп басшысы мұғалімді жұмыспен қамтамасыздандырмаса? Егер осы сияқты сұрақтарды шеше алмаса неге отыр? Менің екі дипломым (Абай атындағы ҚазҰПУ, тарих мамандағы, екіншісі ЖГУ педагогика-психология) бар. Екі дипломмен, екі мамандығым бойыншада категориям және стажым бар. Біздің мектепте тарих пәнінен 4 адамға толық ставка бар, бірақ маған өзімнің заңды сағатымды бермей отыр, Ол қаншалықты заңды? Сағаттар мұғалімнің стажына байланысты немесе директормен тіл табысқанына байланысты сағат бөліну керек деп қай жерде? Қай заңда жазылып тұр? Неге сағаттар әділ тұрде, заң бойынша, теңдей болып бөлінбейді? Былтыр сіздерге сұрақ қойып көмекке жүгінгенде, сұрағым жауапсыз қалған, мәселем шешілмеген болатын және сіздерге сұрақ қойғаным үшін мектеп басшысымен де талай дау болған болатын. Енді декреттік демалыстан жұмысқа шығуымда үлкен сұрақ болып тұр. Егер өзіміздің сағатымызды ала алмай отырсақ, не үшін екі ЖОО бітірдік? Егер бізге жастарға жағдай жасалмаса? Біз қашан үйренеміз? Біз қашан жұмыс жасаймыз? Мектеп басшысына менің мәселемді шешіп беріңіз десем, ештеңке істемеймін деп отыр, менің жауабым, егер сіз мәселе шеше алмасаңыз онда басқа жерге жүгінуіме тура келеді деп жауап қайтаруыма тура келді. Осы сұрағымды шешіп беруіңізді сұраймын. Бұл сұрақ шешілмеген жағдайда жоғарғы органдарға жүгінуіме тура келеді.

Ответ: Сіз Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100-бабына сәйкес мектеп директорына бір ай бұрын декреттік демалыстан шығатындығыңыз туралы ескертпегенсіз. 2018 жылдың 3 қазан күні М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде өткен жиын барысында Сізге тарих пәні мұғалімі Б.Абдыбаевтан 2 сағат және А.Даирбековадан 1 үйірме сағатын беріп, апталық жүктемеңізді 18 сағатқа толтырып беру туралы шешім қабылданған. Алайда, Сіз балаңыз 1,5 жасқа толмағандықтан, үйірме сағатын жүргізуден бас тарттыңыз.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2018. All rights reserved.